IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Yahoo! Japan-ға берген сұхбатында Саул Канело Альвареспен трилогиясы және неге көпшілік алдында ана тілінде сөйлей бастағаны туралы айтты, – деп хабарлайды Vesti сайты.
- Сіз әлі де басты қарсыласыңыз Саул Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізгіңіз келе ме? Егер жекпе-жек болса, орта салмақ дәрежесінде өтуі мүмкін, бұл сіз үшін қалыпты ма?
- Егер Канеломен трилогияны сипаттасақ, бұл акция бағасының өсуін күтумен бірдей. Егер ол IPO деңгейіне жетсе, жекпе-жекке шығуымыз мүмкін.
- Сіз АҚШ-та супер жұлдыз болдыңыз. Егер Канеломен бірінші кездесуде жеңіске жетсеңіз, одан да танымал болатын едіңіз. Сіз оған қарсы жекпе-жек туралы ойлайсыз ба?
- Бұл жекпе-жек туралы көптен ойламадым. Бұған қатысқандар шындықты біледі, онымен күресуге тура келеді. Боксты түсінетіндер кім жеңгенін біледі.
- Неге Канеломен екінші жекпе-жектен кейін көпшілік алдында ағылшын тілінде сөйлемей кеттіңіз?
- Ана тілімде ойымды анық жеткізем деп ойладым.
Еске салайық, Головкин 29 желтоқсанда Токиода рингке оралады, ол орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері, жапондық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді.
Канеломен 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста кездескен. Бірінші жекпе-жекте кім мықты екені анықталмады, ал екіншісінде мексикалық жеңіске жетті.