Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
© inform.kz
316
оқылды
"Қазгидромет" РМК 27-29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Қар жауғаннан кейін Қазақстанға солтүстік-батыс антициклоны ығысады, соның ықпалымен көбіне жауын-шашынсыз ауа райы және республиканың солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бірақ елдің батыс өңірлеріне Ресейдің еуропалық аумағының аудандарынан жылы фронт әсер ететін болады, осыған байланысты бұл өңірлерде күндізгі уақытта ауа температурасының көтерілуі болжанады. Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 7-15 аязға дейін төмендейді, еліміздің батысында күндіз термометр 0-5 жылуға дейін, ал оңтүстік-батыста 12 градус жылуға дейін, шығыста ауа температурасының түнде 15-23-тен 8-16 аязға дейін көтеріледі, күндіз 0-10 аяз, республиканың оңтүстігінде 0-10 аяздан 0-5 жылуға дейін, күндіз 0-10 жылудан 3-15 жылуға дейін көтеріледі, ал елдің оңтүстік-шығысында 7-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 3-11-ден 3-ке дейін аяз, 7 градус жылынады" делінген хабарламада.