Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, орнықты дамуға негізделген және тұтас қоғамның мүддесіне сай келетін саясат жүргізу мақсатында бірқатар елеулі мәселелерді тілге тиек етті.
Елбасымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия екендігін атап өтіп, жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Жеті тұғырдың ішінде Ұлттық мәдениет турасында маңызды ойларды тілге тиек етті. Біздің ұлттық мәдениетіміз – халықтың рухани тірегі болып саналады. Ата-бабамыздан аманат боп жеткен мәдени құндылықтарымызды сақтап, ұлттық өнерімізді дамыту арқылы ғана өркениетті елдердің қатарына қосыла аламыз. Асқақ рухымызды оятатын киелі өнерімізді насихаттау арқылы жаһандық бәсекеге қабілетті бола алатындығымыз сөзсіз.
Расында, Елбасымыздың көреген саясаткерлігінің нәтижесінде Егемен еліміз өзінің 30 жылдық тарихында елдігімізді нығайту үшін елеулі жетістікке қол жеткізді. Алдағы уақытта бұдан да биік асуларға жету үшін, Тәуелсіз Қазақстанның болашағының жарқын болуы үшін тынбай жұмыс істеу – баршамыздың міндетіміз деп білемін.
Әділ Ералыұлы Ахметов,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«Жастар театры»МКҚК
директоры