COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген біраз алматылықтар белгіленген шектеулерге құлақ асқысы келмеген.
Алматы қаласында «қызыл статусы» анықталған тағы 40 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Олардың аты-жөні Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.
Олар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда – ХҚКО, мейрамхана, театрлар, ТЖ вокзал, СОО, базарлар, мектептер, білім беру ұйымдары, қонақ үйлер, сұлулық салондар және т.б. нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысқан. «Қызыл статусы» анықталған аталған тұрғындар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеді.
«Сондықтан амбулаториялық ем алып жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармауы тиіс.
Сонымен қатар, «ASHYQ» жобасының қатысушыларына Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушілерді сканерлеу қажеттілігін еске саламыз» делінген қалалық департаменттің мәлімдемесінде.
Алматы қаласы бойынша карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынған тұрғындар тізімі:
1. Зыбина Наталья;
2. Миргородова Наталья;
3. Кошербаев Султан Алексеевич;
4. Матюшенко Татьяна Вячеславовна;
5. Макашев Рустам Аскарович;
6. Саргаскаева Суджата Саятовна;
7. Тойбай Бахтияр Арыстанбекұл;
8. Қайырбек Бейбарыс Ғабдолмәжитұлы;
9. Тойбекова Айжан;
10. Джахангирова Луиза Жафарбековна;
11. Балтабаева Рахиля Аскеровна;
12. Усенов Болатбек Байтурганович;
13. Сагидулла Амантай;
14. Шишкин Наиль;
15. Мария Анатольевна;
16. Садырова Камила Рехимжановна;
17. Тишкин Денис;
18. Кранина Алена Александровна;
19. Окатан Ведат Каан;
20. Оспанова Сауле Бекетовна;
21. Жумагалиев Нурлан Викторович;
22. Мамбекова Айза Евфратқызы;
23. Адрахманова Толқын Танатовна;
24. Елюбаев Ауэз Жагипарбекович;
25. Матвалиев Али Нурланович;
26. Кутбанбаева Индира Нурболовна;
27. Мащенко Татьяна;
28. Байдаров Ақтілек Қыдирбайұлы;
29. Ли Павел Ман-Санович;
30. Кайсенов Касымбек Болатович;
31.Куница Константин Владимирович;
32. Райкулова Камиля Балабековна;
33. Камалов Серик Джумашевич;
34. Шамсутдинова Сауле Кинжебаевна;
35. Жанасова Татьяна Жаншеевна;
36. Абраимова Қарлығаш;
37. Ахмадова Чаан Абибякировна;
38. Хегай Карина Илларионовна;
39. Нурахмет Айжан Серікқызы;
40. Жумабаева Жазира Акылбековна.
Айта кетейік, біраз бұрын тұрғындардың денсаулығына жауапты шенділер бұдан былай талап бұзғандарға айыппұл салумен шектелмей, аты-жөндерін БАҚ беттерінде жариялайтындарын ескерткен болатын.