Синоптиктердің болжамы бойынша, қар жауғаннан кейін Қазақстанға солтүстік-батыс антициклоны ығысады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы және республиканың солтүстігінде ауа температурасы төмендейді деп күтіледі.
Солтүстікте ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 7-15 аязға дейін төмендейді.
Батыста күндіз 0-5 градусқа дейін жылы, оңтүстік-батыста күндіз 12 градусқа дейін жылынып, Шығыста да ауа температурасы көтеріледі, түнде 15-23 градус аяздан 8-16 градусқа дейін, күндіз 0-10 градус аяз болады.
Республиканың оңтүстігінде түнде 0-10 градус аяздан 0-5 градусқа дейін жылынып, күндіз 0-10 градус аяздан 3-15 градусқа дейін жылы болады.