Қарттар үйінің қызметкері бюджет ақшасына жұмыртқаның әр данасын 464 теңгеге сатып алмақ болды
Қарттар үйінің қызметкері бюджет ақшасына жұмыртқаның әр данасын 464 теңгеге сатып алмақ болды
©А.Ахметқазы
406
оқылды

Ақмолада мемлекеттік портал арқылы бір дәптерді 95 мың теңгеге сатып алмақ болған туралы оқиғаның ізі суымай жатып Көкшетауда мемлекеттік мекеме тауық жұмыртқасын өте қымбат бағада алмақ болды. Бұл туралы Aikyn.kz порталының тілшісі Инстаграмдағы sinegor.kz парақшасына сілтей отырып хабарлады.

Тексерістен кейін белгілі болғандай білім беру мекемесі дәптердің бір данасын 85 теңгеден сатып алған. Ал бұл жолы Ақмола облысының мемлекеттік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жанындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы көзге түсті. Қарттар үйі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жұмыртқаның әр данасын 464 теңгеден ал мың данасын 464 290 теңгеге сатып алмақ болған. Не жұмыртқа «алтын», не болмаса цифрдан қате кеткен. Aikyn.kz мәселені назарда ұстайды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы