Синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Ертең Алматы облысының Алакөл өзендері аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстік аудандарында тұман сақталады.
28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 28, түнде 29 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.