Түркістан облысында 4 адам газдан уланып, көз жұмды
Түркістан облысында 4 адам газдан уланып, көз жұмды
Фото: Zakon.kz
448
оқылды
Қайғылы оқиға Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылындағы жер үйде болды. 28 қараша күні сағат 12:30 шамасында «112» қызметіне хабарласқан жергілікті тұрғын жеке тұрғын үйден 4 адамның, оның ішінде 1 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйіті жатқаны туралы айтқан.
«Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған. Пеш қатты отынмен жұмыс істеуге арналған, табиғи газбен жылытуға қайта жабдықталған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді ТЖД баспасөз қызметі.
Берілген мәлімет бойынша, 49, 47 жастағы ағайынды жігіттер, кім екені анықталмаған әйел адам және 3-4 жас шамасындағы ер бала көз жұмған.