Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, бүгін доллар бағамы күрт көтерілді.
Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 2,43 теңгеге өсіп, орташа бағамы 433,56 теңгеге жетті.
Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы – 1 доллар үшін 431,07 теңге.
Бүгін Алматыда доллар 434,86 теңгеден сатылса, сатып алу 436, 80 теңге болды.
Нұр-Сұлтанда доллар 434,98 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 436, 67 теңге.
Бұған дейін «Жеті қазына» монетасы сатылымға шыққанын хабарлаған болатынбыз.