ШҚО-да полиция қызметкері зорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды
ШҚО-да полиция қызметкері зорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды
© azh.kz
212
оқылды
Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы жазды. Дереккөздің айтуынша, полицейге жақында іздеу жарияланған.
"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 120-бабында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен іздестірілген және ол ұсталған. Ол 120-бап — «Зорлау». Арызды оның қарамағындағы қызметкер жазған. Алдын-ала мәлімет бойынша, қылмыс жасалған орын — сол Риддердегі уақытша ұстау изоляторы", — делінген жазба сипаттамасында.
Бұл жағдайға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев пікір білдірді. Ол Facebook-парақшасында күдікті «құқық қорғау органдарының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылғаны, ал оның тікелей басшыларына, қалалық Полиция басқармасының бастығына дейін қызметінен босату туралы шешім қабылданғанын» жазды.
"Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Риддер Полиция басқармасының қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның шеңберінде Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес ол уақытша ұстау изоляторына жабылды. Қылмыстық іс бойынша өзге де деректер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", — деп жазды Сағат Мәдиев.
Ол сонымен бірге «жеке құрам арасындағы заңдылық пен қызметтік тәртіп мәселелері Ішкі істер органдарының қызметінде басым бағыттың бірі саналатынын» айтты.
"Өз қатарымызды тәртіп бұзушы қызметкерлерден тазарту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біздің ұстанымымыз қағидатты, кез келген заңбұзушылық қатаң түрде тоқтатылады, кінәлілерге жұмыстан босатуға дейінгі ең қатаң тәртіптік шара қолданылады", — деді ол.