Ақтөбеде Сәңкібай батыр даңғылының бойындағы гаражда тұрған "ВАЗ-21099" автокөлігінің ішінен 50 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Екі адамның дене мүшесінде зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, олар көмірқышқыл газынан уланып көз жұмған.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ерлі-зайыптылар жұмыс орнында болған кезде оларға отбасымен араласатын досы келгені белгілі болды. Барлығы бірге гаражда ішімдік ішкен, суыта бастаған соң Mercedes Benz маркалы автокөлікті іске қосып, ұйықтап қалған.