Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстан 3 желтоқсаннан бастап Мысырға қатынайтын әуе рейстерін тоқтататынын айтты.
«Бельгияда Мысырдан келген адамнан Omicron штамы анықталған. Сондықтан бізде де Мысырдан келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасы уақытша тоқтатылады», – деді ол.
Коронавирустың жаңа штамының қауіптілігі зерттеліп жатыр. Әлемде Omicron штамының таралуына байланысты Қазақстанда да 3 желтоқсаннан бастап шектеулер енгізілмек.