Ақтөбеде 19 жастағы қызды жүк көлігі қағып кетті
Ақтөбеде 19 жастағы қызды жүк көлігі қағып кетті
Фото: mail.kz
130
оқылды

Кеше ГАЗ-53 жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі К.Нокин даңғылымен №5 емханаға қарама-қарсы жерде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 19 жастағы қызды қағып кетті.

Жол апаты салдарынан жарақат алған қыз Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, биыл 10 айда Ақтөбе облысында 152 жол апаты болды. 14 адам қаза тапты. 141 адам жарақат алды.

Бұған дейін Таразда «Ұлымды шенеунік қағып өлтірді» деген 18 жастағы жігіттің ата-анасы араша сұрағанын жазған болатынбыз.