Өз қаржысын қолма-қол ақшаға айырбастау қылмыстық жауапкершілікті көздемейді. Алайда, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру заңды рәсімдерді айналып өтіп, жалған мәмілелерді пайдалану арқылы жасалатын деректер де бар.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жұмыстарды нақты орындамай жазып берумен айналысқан «ГорСнаб» ЖШС директоры қызметінің жолын кесті.
Азамат Ә.Тәжікеев басқа кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасап, жалған бухгалтерлік құжаттар ұсынған. Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін ол мәміленің жалпы сомасының 3% мөлшерінде сыйақы алып отырған. Нәтижесінде мемлекетке 300 миллион теңгеден астам шығын келді.
Ә.Тәжікеев 2,6 жылға сотталды.