Шымкент Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға орнында кинологтар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.
Құқық қорғаушылар әзірге оқиғаның мән-жайын хабарлаған жоқ.
«Үйдің қорыққан тұрғындары учаскелік полицейлерге жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырылғанын көп ескерткендерін айтады. Алайда олардың сөздеріне құлақ асып жатқан ешкім болмады. Қайғылы оқиға болған түнде бұл пәтерде шу болған. Көршілердің айтуынша, олар полицияға қатты күлген, шулаған адамдарға шағымданған. Қабырғаны қаққан. Бір кезде жалдамалы пәтерден дыбыс шықпай қалған», − деп жазады otyrar.kz.
Белгілі болғандай, көз жұмған қыз 22 жаста болған. Қылмыскерлер қылмысын жасыру үшін оның мәйітін өртеген.