Шу ауданы полиция бөліміне белгісіз адам қоңырау шалып, Шу ауданы Төлеби ауылында орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектептің ғимаратында жарылғыш құрылғы қойылғанын, яғни алдын ала дайындалған терроризм актісі туралы хабарлаған.
Полиция қызметкерлері жедел түрде тиісті шара қолданып, мектеп ғимаратынан 300-ден астам адамды эвакуациялады.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.