Алматы метросы 8 жаңа пойызбен толықты
Алматы метросы 8 жаңа пойызбен толықты
586
оқылды

Алматы метросында 8 жаңа электр пойызы пайдалануға берілді. Енді 15 пойыз тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Жаңа құрамның есебінен метро көліктерінің жүріс жиілігі енді 13 минуттан 5-7 минутқа дейін қысқармақ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Тұңғыш Президент күні қарсаңында және Алматы метрополитенінің 10 жылдығына орай Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген Оңтүстік Кореяның Hyundai Rotem компаниясы шығарған 8 жаңа электр жылжымалы құрам пайдалануға беріледі.
«Құрамның ұзындығы - 77,8 м, ең жоғары техникалық жылдамдық – 90 км/сағ. Температура режимі: -35, +40с. 4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адам. Әрбір вагон жылыту, желдету және ауа баптау жүйесімен, жолаушылар салонының флюресцент жарық шамдарымен жабдықталған», - делінген хабарламада.