Шымкент кәсіпорындарының бірінің директоры 657 миллион теңгеден аса сома көлемінде салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, А.Сазонов "Nuclear Engineering" ЖШС басшысы бола тұра, 2017-2019 жылдар аралығында салық декларацияларына кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізген.
"Сонымен қатар, ол салық салудың басқа объектілерін жасырып, сот жарамсыз деп таныған 11 компаниямен өзара есеп айырысу туралы жалған шот-фактураларды пайдаланған. Нәтижесінде, мемлекетке 657 миллион теңгеден аса мөлшерде төленбеген салық түрінде залал келтірген", - делінген агенттік мәліметінде.