Оның айтуынша, 2014-2018 жылдары құрылған «Нұркент», «Зерделі», «Жас Қанат» шағынаудандарында өзекті проблема бар.
«Зерделі» шағынауданында тұрғын үйлерді нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде 30 үйдің 20-да жұмыс аяқталды, қалған үйлер келесі жылы нығайтылады. Ауласы абаттандырылады.
«Нұркент» тұрғындарының өтініші бойынша 18 тұрғын үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың 16-ы бүгінгі күні аяқталды, 2 үй аяқталу сатысында», – деді Мұхит Әзірбаев. 320 орынды балабақша салынады.
Ал «Жас Қанат» шағынауданындағы 30 аулада балалар ойнайтын және спорт алаңы жөнделеді.