Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Ұлтымыз үшін көгімізде желбіреген көк байрақтан қасиетті нышан жоқ. Ту көтеру – жыл сайын орындалатын рәсім. Биыл да бұл бұлжымас дәстүр бар сән-салтанатымен өтті",- деп жазды ол.