Алматы облысында 8 пәтерлі үйден өрт шықты
Алматы облысында 8 пәтерлі үйден өрт шықты
229
оқылды
Алматы облысының Талғар ауданындағы Төңкеріс ауылында 8 пәтерлі үй өртенді. Тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгерген, өрттен ешкім зардап шекпеген, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өрт 30 қараша күні сағат 18:15 шамасында тұтанды. 8 пәтерлі барак типті үй өртенді. 8 пәтердің 6-ын өрт шалды, оның ішінде екеуінің шатыры жанған. Абырой болғанда, тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгерді. Оқиға орнына түнде Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов жетті. Белгілі болғандай, барак типті үйде барлығы 34 адам тұрады. Оның 16-сы бала. Өртенген 6 пәтерде барлығы 30 адам тұрған, оның 15-і бала» делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, үйдің аумағы 288 шаршы метр.