Түркістан облысында шаруалар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 250 млн теңгені жымқырған
Түркістан облысында шаруалар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 250 млн теңгені жымқырған
© spk-jetisu.kz
302
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады.
Е.Күзенбаев пен Р.Пайсханов «Балабөген-7» ЖШС атынан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан асыл тұқымды мал сатып алуға 380 миллион теңге несие қаражатын алған. Корпорацияға бұл қаражатты Ресей Федерациясынан ірі қара мал сатып алуға «Меркит» ЖШҚ шотына аудару туралы жалған құжаттар ұсынылған. Бұдан әрі, несие шартының бір бөлігін жабу үшін Түркістан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасынан 131 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік субсидиялар алынған. Бұл ретте, 585 бас ірі қара мал сатып алынбаған, жануарларды есепке алу дерекқорына жалған мәліметтер енгізілген. Соның салдарынан 250 миллион теңге жымқырылған және мақсатқа сай пайдаланылмаған. Р.Пайсханов – 6 жылға, Е.Күзенбаев – 5 жылға бас бостандығынан айырылды.