7 облыста ескерту жарияланды
7 облыста ескерту жарияланды
© stan.kz
547
оқылды
Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздегі 7 облыс аумағында ескерту жарияланды, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 3 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда ертең түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының шығыс бөлігінде жаяу борасын тұрады, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда ертең батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Күндіз таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді, таулы аудандарда екпіні 23 м/с болады. Шымкентте ертең оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Түркістан қаласында ертең түнде және таңертең шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман түсуі мүмкін. Ақтау қаласында ертең түнде және таңертең тұман түседі. 3-5 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. 3 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оралда ертең көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.