Omicron штамының таралуына байланысты ведомствоаралық комиссия қандай шешім қабылдады?
Omicron штамының таралуына байланысты ведомствоаралық комиссия қандай шешім қабылдады?
Фото: primeminister.kz
154
оқылды

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер COVID-19-ға қарсы күресу, Omicron жаңа штамы таралған елдерде болған қазақстандықтардың оралуы және одан кейінгі карантинде болуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысты болды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Вице-премьер елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтіп, халықты коронавирус инфекциясына және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті. Ведомствоаралық комиссия жоспарлы иммундаумен қамту оңтайлы көрсеткіш 95%-дан кем емес болған жағдайда 10 ай ішінде 79%-ды құрайтынын атап өтті. Республиканың барлық өңірінде пневмококк инфекциясы, көкжөтел, дифтерия, сіреспеге (АКДС) қарсы вакциналаумен қамтуға қол жеткізілмеген. Республикалық мәннен төмен көрсеткіштер Атырау (62,3%), Павлодар (64,7%), Ақтөбе (66,1%), Маңғыстау (66,4%), Батыс Қазақстан облыстарында (67,4%) және Алматы қаласында (63,4%) байқалады.

Иммундау қарқыны қазан айынан бастап тұрақты төмендеп келе жатқан өңірлердің, Қарағанды, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басшыларына сеніп тапсырылған аумақтардың халқын вакциналаумен қамтуды ерекше бақылауға алуға тапсырма берді.