Есірткі тасымалының алдын алу үшін Сарыағаш АПБ-нің полицейлері шекара бекеті қызметкерлерімен бірлесіп, рейд жүргізіп отырады.
Тексеру кезінде кинологтардың Имерек қызметтік иті белгі береді. Күдіктінің ішкиімінен есірткі табылды. Ол – Өзбекстан Республикасының азаматы. Есірткіні Өзбекстанға алып өтпек болған.
Факті ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сараптама есірткінің кептірілген марихуана екенін анықтады. Жалпы салмағы 3 грамнан асады.