Бағаны заңсыз өсіргенге айыппұл салынбақ
Бағаны заңсыз өсіргенге айыппұл салынбақ
225
оқылды
Түркістан облысының әкімдігі тарапынан шекті бөлшек сауда бағаларын негізсіз өсірмеу үшін сауда бағалары бойынша заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде Түркістан қаласын­дағы сауда орындарына 45 нұсқама берілген. Ол бойынша 3 субъектіге  айыппұл салынды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын алу және баға бел­гілеуінің делдалдық схемаларын жою мақсатында, ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен облыс көлемінде 1 098 меморандум түзілген. Түркістан облысының тұрақ­тандыру қорында 6 мың тоннаға жуық  тауар бар. Үкімет қаулысымен бекітілген негізгі 19 түрлі (ұн, кү­ріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, пияз, қырық­қабат, құмшекер, ас тұзы) азық-түлік тауарлары тұрақтандыру қоры­ның қоймасында сақтаулы. Тек Түркістан қаласының өзінде 13 әлеуметтік дүкен бар. Тамыз айынан бастап облыс орталығының бес сауда орындарында әлеуметтік бұрыштар ашылып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарықтағы бағадан төмен сатылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақ­ты бақылауда және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары­ның бағасын негізсіз өсірмеу бо­йынша тиісті шаралар қабылдануда. Биыл қойманы толықтыру үшін 130 тоннаға жуық азық-түлік тауарлары сатып алынды. Сондай-ақ қор арқылы қосымша мың тоннадан астам азық-түлік тауарларын сатып алуға мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізіліп жатыр. Келер жылдың қаңтар-қыр­күйек айларына «Азық-түлік келі­сім­шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы тоннасы 90 мың теңгеден арзандатылған бидай босатылатын болады. Нәтижесінде бөлке нан бағасы 90 теңге, I сұрыпты бір келі ұнның бағасы 121 теңге болады. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін Түркістан қаласында қосымша екі әлеуметтік дүкен ашу жоспарланған. Қаладағы «Эко базар» аумағында 20-ға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда 743,9 млн теңге сомасына 2 мың тоннаға жуық тауар нарық бағасынан 15-20%-ға төмен баға­мен сатылымға шығарылды. Облыста әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың 16-сы өз­дерінде өндіріледі. Тұтыну нормасына сәйкес, бұл өнімдермен облыс халқы артығымен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда картоп, сәбізбен 1,5 есе, пиязбен 3,1 есе, қырыққабатпен 4,2 есе және етпен 1,5 есе, сүтпен 7 есе. Ал құс 26,2%, жұмыртқамен қамта­масыз ету көлемі – 41%. «Айналым схемасы» механизмі арқылы жыл­дық пайызы 0,01%-бен бір­қатар ірі сауда орталықтарына 570 млн теңге несие қаржы берілді. Сонымен қатар Түркістан қаласын­дағы 13 әлеу­меттік дүкен мен 5 ірі сауда үйі ар­қылы күнделікті 17 түрлі тауар белгіленген бағада тұрғындарға сатылып жатыр. Бағаны тұрақтандыру мақса­тында базарларда рейдтік, мониторингтік жұмыстар жалғасады. Сауда үстемелерін 10%-дан жоғары көтеруге жол берілмейді.