Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат шамамен 07.40-та Орал қаласы полиция басқармасының ғимаратында болды.
"Ғимаратты күзету тобында қызмет атқарған 20 жастағы полиция кіші сержанты бекітілген табельдік қарудан өзін-өзі атып өлтірді. Аталған полицей ішкі істер органдарында биылғы мамырдан бері қызмет атқарды. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың осы айына дейін әскери борышын өтеді,- делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін қызметтік тексеру басталды.