Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайты хабарлады.
Бүгін Нұр-сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Мейрам Жанғұттиновке қатысты алаяқтыққа қастандық жасау фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 1-2 тармағы) және Л.Тұрғынбаеваға пара бергені үшін (Қылмыстық кодекстің 367-бабы 3-бөлігі 2 тармағы) айыптау үкімін жариялады.
Сот Жанғуттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам ретінде (Жоғарғы Соттың судьясы, өкілеттіктері тоқтатылды) пара алу желеуімен Тұрғынбаевадан (Шымкент әл-Фараби аудандық сотының судьясы, өкілеттіктері тоқтатылды) делдал Абдусаттаров арқылы 7 мың долларды ұрлауға тырысты деп тапты. Жанғуттинов ақша алған кезде ұсталған.
Сот жаза тағайындау кезінде Жанғұттинов пен Тұрғынбаеваға қатысты судья антын бұзу ауыр жағдай деп танып, бас бостандығынан айыру жазасын әділ жаза деп санады. Осыған байланысты Жанғұттинов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тұрғынбаеваға қатысты жазаны жеңілдететін мән-жайлар ескерілді. Яғни, шын жүректен өкіну және қылмысты ашу мен оған қатысы барларды әшкерелеуге белсенді ықпал еткенін ескере отырып (Қылмыстық кодекстің 55-бабы 4-бөлігі) ол 5 жылға сотталды. Сотталушының екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, — делінген хабарламада.