Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қақты. Әлеуметтік желіде осы сәттің видеосы тарады.
Кадрда қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тротуарға шығып кетіп, жас ағаштарды сындырғаны көрінеді. Машина қызды соққанға дейін бірнеше метр жүріп өтті. Кейбір адамдар көліктен қашып үлгерді, – деп жазады Lada.kz.
https://www.youtube.com/watch?v=-x-2PI6OcB0&feature=emb_title
Оқиға 2 желтоқсанда кешкі он шамасында 12-ші шағын ауданда болған. Зардап шеккен 28 жастағы тұрғын аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыстық полиция департаменті бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігіне сай ("Көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілгенін хабарлады.