Түрмедегі інісіне темекімен бірге таблетка тасыған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінде тергеу тұтқынындағы бауырына темекінің арасына жасырып, апиын тектес таблеткалар өткізбекші болған жігіт ұсталды.
Мұндай нашақорлар арасында сұранысқа ие таблетканы түрмедегі бауырына тасымалдаушы Мәлік деген жігіт болып шықты.
Түрмедегі інісіне деген “бауырмашылдығын” есірткі заттарын тасымалдаумен білдірген жігіттің өзі де енді жазадан тыс қалмайтын болды.