2021 жылдың ІІІ тоқсанында елде жұмыссыз жүрген жастар саны 77,5 мыңға жетті. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,9% аз, – деп хабарлайды finprom.kz сайты.
Жұмыссыз ер адамдар саны – 4,6%, 35,4 мың, ал жұмыссыз әйелдер саны – 8,7%, 42,2 мың адамға дейін қысқарды. Қалалардағы жұмыссыздар саны – 49,8 мың, ал ауылдардағы – 27,7 мың.
Салыстырмалы түрде 2020 жылдың ІІІ тоқсанында елде жұмыссыз жүрген жастар саны 83,3 мыңға жетті, бір жылда 1,7% азайған.
Өңірлер бойынша жұмыссыз азаматтар келесі өңірлерде көп шоғырланған:
Алматы – 14 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 5,8% аз;
Алматы облысы – 9,8 мың адам, бір жылда 1,1% азайған;
Нұр-Сұлтан – 6,6 мың адам, 7,7% көп.
Жұмыссыз азаматтар Солтүстік Қазақстан облысында бәрінен аз шоғырланған – 1,3 мың адам, 38,5% аз. Мұнымен қатар, Маңғыстау облысында жұмыссыз жүрген жастар саны бір жылда 11,2%, 2,7 мың адамға дейін өсті.
1-3 ай аралығында жұмыс іздейтіндер – 22,5 мың адам, өткен жылға қарағанда 23,1% аз;
3-6 ай аралығында жұмыс іздейтіндер – 19,5 мың адам;
6-12 ай аралығында 10 мың адам;
бір жылдан астам уақыт – 9,5 мың адам.
Жұмысты бір ай көлемінде ғана іздейтін жастар саны – 8,1%, 15,6 мың адамға дейін өсті.