40 миллион теңгені қолды еткен "Қазпошта" қызметкерлері ұсталды
40 миллион теңгені қолды еткен "Қазпошта" қызметкерлері ұсталды
Сурет: pikabu.ru
222
оқылды

Батыс Қазақстан облысындағы  «Қазпошта» АҚ БҚО филиалы пошта бөлімшелерінің бірінде қызмет ететін екі әйел 40 млн теңгені жымқырғаны үшін ұсталды, - деп хабарлады Elorda.Info.

Аймақтың экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, осы іске байланысты ҚР ҚК 189-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Белгілі болғандай, күдіктілер келтірген залал көлемі 33 млн теңгеден асады. Олар ЖШС өкілінің осы серіктестік есепшотына аудару үшін тапсырылған қаражаттың бір бөлігін алған. Бұған қоса зейнеткерлерге тиесілі 7 млн теңгені қолды қылған. Қазіргі таңда күдікті екі әйел уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.