Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері Mega SilkWay сауда орталығында екінші қабаттан фонтанға секірген тұрғынды ұстады. Ол ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамауға алынды.
«Полицияның «102» арнасына «Mega SilkWay» сауда ойын-сауық орталығының субұрқағына екінші қабаттан жас жігіттің секіргені туралы хабарлама түсті. Елорданың 19 жастағы тұрғыны достарымен бәстесіп, 1 қабатта орналасқан субұрқаққа секірген. Қауіпті әрекетке орталық келушілері куә болған. Жас жігітті сауда ойын-сауық орталығының күзетшілері ұстап, полиция қызметкеріне тапсырды. Қоғамдық тәртіпті бұзушы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің ақпаратында.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол қамауға алынды.