Куәгерлердің айтуынша, Алматыда жас қыз көп қабатты тұрғын үйдің 12-қабатынан секірген. Оқиға Ақсай 1 А ауданындағы 8-үйде болған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, факті М.Әуезов аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Алматының «Жетісу» шағынауданында 9-көпқабаттан әйел алдымен үш баласын лақтырып, соңынан өзі секіріп кеткенін хабарлаған болатынбыз.