Жастардың бұл мақаладан ұғынары көп
Жастардың бұл мақаладан ұғынары көп
366
оқылды
Еліміздің ең қастерлі мерекесінің бірі – Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республи­ка­сының Тұңғыш Президен-ті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» ат­ты мақаласы кез келген елі­міздің тұрғынына ерекше әсер етті деп ойлаймын. Алғашқы тәуелсіздік алған кездегі еліміздегі саяси шешімдер, ел тұтқасын ұстаған басшылардың іс-әрекеті, сындарлы ойлары, алғашқы жиындармен келісім­дердің қалай өткені туралы ма­қалада бәрі ашық жазылған. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын уақыттарда Елба­сына сеніп, жақсы күндердің алда екеніне сеніммен қарап, бір үміт­пен үлкен қадамдар жасалды. Қазақстандықтардың аға буыны біз өмір сүріп жатқан елдің бас­тауында тұрды. Олардың еңбегі, төзімділігі мен қайсар рухының арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты. «Тәуелсіздік тағылымы» ма­қаласында жастардың оқу оқып, білім алу үшін «Болашақ» бағ­дар­ламасының бастау алғаны, ал­ғашқы ТМД ұйымының құрылуы мен сауда-саттық байланыстар туралы кең көлемде жазылған. Жастардың бұл мақаладан ұғынары көп деп ойлаймын.

Уәлихан БОЛАТБЕК, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты