Халық арасында "таланттарды ауылдан іздеу қажет" деген түсінік бар. Ауылдан ғана емес ел ішінен іздегеніміз де жөн. Жалпы жас таланттың бәрі бірдей жоғары оқу орнында кәсіби білім алып, барлығы бірдей сахнада жүр дей алмаймыз. Халықтың өзі олардың дарынын танып, әлеуметтік желіде көпке танытып-ақ жүр. Кәсіби музыкалық білімі болмаса да, көптің көзіне түсіп, көңілінен шыққан таланттардың тізімін жасадық.
"Қойшы бала"
Ауыл баласының дастархан басында айтқан әні әлеуметтік желіде тарап, TikTok-та екі күнде 1,3 миллион қаралым жинаған. Жас дарын Айдос Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылының тумасы болып шықты.
[caption id="attachment_174243" align="aligncenter" width="1200"] Фото: Instagram парақшасынан[/caption]
Әкесінің БАҚ-қа берген сұхбатында Айдостың домбырамен ән салатынын, облыстық байқауларға қатысатынын айтқан. Жас дарын жазғы демалыста бие сауып, қой бағып, шаруашылыққа көмектеседі екен. Кейін эстрада әншісі Жігер Ауыпбаев баланың талантын байқап, шәкірті етіп алған.
Құрылыста сылақшы болып жүрген жерінен ән салып, желіде танымал болған дарынның бірі – 27 жастағы Гүлмайдан Серікбай. Ол Қызылорда облысындағы Шиелі ауданы Бестам ауылының тумасы, лақап аты – Дана. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі оқуын бітіре алмаған.
Фото: Instagram парақшасынан[/caption]
Оның талантын байқаған продюсер Жан Мұқанов Гүлмайдан Серікбайды жаңажылдық шоудың түсіріліміне шақырған. Сонымен бірге ол Asia's Got Talent халықаралық байқауына шақырту алған.
Теміржолшы Иманбек
Павлодарлық теміржолшы Иманбек Зейкенов бос уақытында ремикс жазып, әлемге танымал болды. Оның Roses SAINt JHN композициясы үшін «Грэмми» (Grammy) сыйлығына ұсынылды. Сөйтіп 63-рет ұйымдастырылған Grammy жүлдесінің «Ең үздік ремикс» аталымының жеңімпазы атанды.
[caption id="attachment_174282" align="aligncenter" width="1013"] Иманбек Зейкенов[/caption]
Иманбектің ремиксі YouTube-те 140 миллионнан астам қаралым жинады. Иманбек 2019 жылдың желтоқсан айына дейін теміржол станциясында жұмыс істеген.
The New York Times басылымына берген сұхбатында Иманбек ата-анасымен бірге Павлодар облысы Ақсу қаласында тұратынын айтқан. Иманбектің әкесі – өрт сөндіруші, анасы туристік агенттікте жұмыс істейді.
[caption id="attachment_174284" align="aligncenter" width="1012"] Иманбек "Вечерний Ургант" шоуына қатысты[/caption]
Иманбектің ресейлік Forbes-ке берген сұхбатында қазір саунд-продюсерлікпен айналысып, компаниялармен жарнама келісімшартына отырғанын және концерттерде ән орындайтынын айтқан.
[caption id="attachment_174423" align="aligncenter" width="1200"] Ерлан Байбазаров. Фото: Instagram парақшасынан[/caption]
Былтыр 29 жастағы такси жүргізушісі Ерлан Байбазаров Украинаның "Голос" байқауында топ жарып, суперфиналист атанды.
"Мен такси жүргізушісімін. Ешқашан әнші боламын деп армандамадым. Караокеде бір әнді орындағанымда, бәрі таңданып, қол соқты. Сол сәттен бастап мен кәсіби әнші боламын деп шештім. Ол үшін қолымнан келгенше тырысамын. Бұл байқаудан мені көрген көршім, ауылдастарым, қалам және елім мені мақтан еткенін қалаймын", – деді Ерлан байқауда.
Ерлан Байбазаров қазір жеке әндерін жазып, түрлі концерттерде орындап жүр.
Бармен Мұхаметали (The Limba)
[caption id="attachment_174434" align="aligncenter" width="1200"] The Limba[/caption]
Орталық Азияға The Limba лақап атымен танымал қазақстандық орындаушы Мұхаметали Ахметжановтың да кәсіби музыкалық білімі жоқ. Ол 1997 жылы Алматыда туған. Орта білім алған соң, жоғары білім алғысы келмей, жұмыс істей бастайды. Бірде сантехника дүкенінде сатушы, кейін компьютер клубында бармен болып жұмыс істеген. Онда радиодан түрлі музыка тыңдап, шығармашылықпен айналысуды қолға алған. Бармен болып жүріп, ән жазып, оны ВКонтакте, Facebook, Instagram және YouTube-те жариялаған. Оның ішінде «Обманула» әні миллион рет тыңдалып, Мұхаметали танымал бола бастаған. Кейін Boom алаңына әндерін жариялап, танымалдығы арта түскен. "Союз" компаниясымен келісімшартқа отырды. Украинаға шақырылып, «Обманула» әні iTunes рейтингіне енді. Қазір жас әншінің шығармашылығы Қазақстанға ғана емес, Ресей, Украина, ТМД-ның басқа да елдеріне, сондай-ақ Латвия мен Түркияға таралды.