Халық арасынан шыққан дарындар: бірі құрылысшы, бірі такси жүргізушісі
Халық арасынан шыққан дарындар: бірі құрылысшы, бірі такси жүргізушісі
Иллюстрация: А.Ахметқазы
325
оқылды

Халық арасында "таланттарды ауылдан іздеу қажет" деген түсінік бар. Ауылдан ғана емес ел ішінен іздегеніміз де жөн. Жалпы жас таланттың бәрі бірдей жоғары оқу орнында кәсіби білім алып, барлығы бірдей сахнада жүр дей алмаймыз. Халықтың өзі олардың дарынын танып, әлеуметтік желіде көпке танытып-ақ жүр. Кәсіби музыкалық білімі болмаса да, көптің көзіне түсіп, көңілінен шыққан таланттардың тізімін жасадық.

"Қойшы бала"

Ауыл баласының дастархан басында айтқан әні әлеуметтік желіде тарап, TikTok-та екі күнде 1,3 миллион қаралым жинаған. Жас дарын Айдос Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылының тумасы болып шықты. [caption id="attachment_174243" align="aligncenter" width="1200"]Қойшы бала Айдос Фото: Instagram парақшасынан[/caption] Әкесінің БАҚ-қа берген сұхбатында Айдостың домбырамен ән салатынын, облыстық байқауларға қатысатынын айтқан. Жас дарын жазғы демалыста бие сауып, қой бағып, шаруашылыққа көмектеседі екен. Кейін эстрада әншісі Жігер Ауыпбаев баланың талантын байқап, шәкірті етіп алған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Айдос Каден (@koishy__bala)

"Сылақшы қыз"

Құрылыста сылақшы болып жүрген жерінен ән салып, желіде танымал болған дарынның бірі – 27 жастағы Гүлмайдан Серікбай. Ол Қызылорда облысындағы Шиелі ауданы Бестам ауылының тумасы, лақап аты – Дана. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі оқуын бітіре алмаған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Әнші | Певица (@anwi_dana)