Армандар орындалады
Армандар орындалады
429
оқылды

Жақында "Charity Wish Tree" қоғамдық қоры Қазақстанның 4 қаласында "Тілектер ағашы" қайырымдылық акциясын іске қосты. Акция аясында қазақстандықтар тұрмысы төмен балалардың тілектерін орындай алады.

Мұндағы басты мақсаты - мұқтаж отбасылардан шыққан балалардың жаңа жылдық тілектерін орындау. Жаңа жыл қарсаңында адамдарға сиқыр жасап, арманын орындау, балалардың жақсылыққа үмітін оятады. Бұған көпбалалы, аз қамтылған, патронат отбасылар, бір ғана  ата-анасы бар отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Негізінен даму ерекшеліктері бар балалар үшін жас шектеуі жоқ. Алайда 16 жасқа дейінгі балаларды қатыса алады. Әзірге жоба Қазақстанның төрт қаласы: Алматы, Нұрсұлтан, Шымкент және Қарағандыда өтеді.

Балалардың қалауы әртүрлі - тек машина, қуыршақ немесе басқа заттар да емес.  Мысалы, Виктория есімді балалар үйінің тәрбиеленушісі стюардесса болуды армандады. Осы тілегін біз орындадық. Ол өткен жылы стюардессаның формасын киіп, нағыз бортсеріктердің қамқорлығымен  олардың жұмысымен танысты. Оның үстіне балаларға арманын орындаған адам да, өзін жақсы сезінеді емес пе?!», - дейді жобаның негізін қалаушы Диана Камаладин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көп ұзамай жоба өз қосымшасын іске қосады. Тіпті, онлайн режимге көшеді. Бұл армандарды бір табан жақындата түседі. Бұл қайырымдылық акциясы елімізде 2014 жылдан бері (8-ші рет) өткізіліп келеді.

«Қазір біз балалардың материалдық емес тілектеріне назар аударамыз, біз баланың арманын орындағымыз келеді, осылайша позитивтік эмоциялар балалардың дамуына ықпал етеді. Биылғы жылы бізде көптеген осындай тілектер бар: аквапаркке саяхат, тауға, БАО-ға саяхат», - дейді Диана.

Тілектер жазылған хаттарды Алматыда акция "Мега Алма-Ата" орталығындағы ағаштан 3 желтоқсаннан бастап 12 желтоқсанға дейін "жұлып" алуға болады.