"Қазгидромет" РМК 9 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.
Алматы қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-ке артады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматы облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ті құрайды.
Қызылорда облысында күндіз жел шығыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-ті құрайды.
Шымкент қаласында түнде тұман болжанады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында тұман болады. Түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ті құрайды.
Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі.