Жекешелендіру жоспары бойынша 112 нысан сатылатын болды
Жекешелендіру жоспары бойынша 112 нысан сатылатын болды
Фото: yandex.kz
250
оқылды

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жекешелендіру жоспары бойынша 112 нысан сатылымға қойылғанын айтты, – деп хабарлайды inform.kz.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Осы кезеңде сомасы 52 млрд теңгеге 197 нысан сатылды. Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің хабарлауынша, мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылды. Оның ішінде, 16 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 348 нысанды сату керек.

Бұған дейін "Қазір жекешелендіретін уақыт па?" деп жазған болатынбыз.