Октябрь ауданының атауын Әлихан Бөкейхан ауданы деп өзгерту туралы қаулы қабылданды
Октябрь ауданының атауын Әлихан Бөкейхан ауданы деп өзгерту туралы қаулы қабылданды
498
оқылды
Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен облыстық  мәслихаттың кезекті IX-сыншы сессиясы өтті. Сессияда қарағандылықтар көптен күткен тарихи шешім қабылданып, Октябрь ауданы – Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп өзгерту туралы облыс әкімінің Қаулысы қабылданды. Облыстық  мәслихаттың кезекті IX-сыншы сессиясында  өткен жылғы бюджет қаржысының игерілуі, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған бағдарламаның орындалуы және өзге де маңызды мәселелер қаралды. Сондай-ақ Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Қарағанды қаласының Октябрь ауданының атауын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп өзгерту туралы  Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫСЫ және облыстық мәслихаттың шешімі депутаттардың бірауыздан қолдауымен қабылданды.