4 облыста ескерту жарияланды
4 облыста ескерту жарияланды
© stan.kz
152
оқылды
Төрт облыста ауа райының бұзылуына  байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 10 желтоқсанда Ақтөбе облысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Алматы облысының оңтүстігіне тұман түседі. Алакөл көліне жақын аудандарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 18-23 м/с-ке жетеді. 11-12 желтоқсанда облыстың солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан жел есіп, оның жылдамдығы 15-20 м/с, Алакөл көліне жақын аудандарда 29 м/с және оданда жоғары болады. 10 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігіне, шығысына және орталығына тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.