Екібастұзда өрт сөндіруші түтіндеген пәтерден 7 жасар баланы алып шықты
Екібастұзда өрт сөндіруші түтіндеген пәтерден 7 жасар баланы алып шықты
© CC0 / pixabay.com
189
оқылды
Екібастұз қаласында тұрғын үйдегі өртті өшірген өрт сөндірушілерге жоғарғы қабаттағы пәтерде бала қалып қойғаны туралы ақпарат келіп түскен.
«Екібастұз қаласындағы өрт туралы хабарлама № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «101» нөміріне 8 желтоқсан күнгі сағат 15:34-те келіп түскен. Өрт Жүсіп көшесі, 71-ші үйдің үшінші кіреберісі, төртінші қабатынан шықты», – деп баяндады тілшілерге Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына бес минутта келіп жеткен өрт сөндірушілер үш бөлмелі пәтердегі балкон терезелерінің ағаш жақтаулары, ал жатын бөлмеде – жиһаз өртенгенін анықтады. Жалын 6 шаршы метр аумақты шарпыған. Төңіректің барлығы түтінге оранды. 5 адам өрт сөндірушілер келгенше үйден өздігінен шықты, – деп атап өтті ТЖД-дан. «Құтқарушылар жалын шыққан пәтерден бір қабат жоғары орналасқан пәтерде 7 жасар баланың қалып қойғаны туралы ақпарат келіп түсті. Баланың анасы түтіндеген пәтер есігін кілтпен ашқан соң, аға өрт сөндіруші Ефим Кузнецов оның ішінен 2014 жылғы баланы сыртқа алып шықты», – деп баяндады құтқарушылар.