300-ге жуық адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді
300-ге жуық адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді
329
оқылды
Жыл басынан бері Ақмола облысында ішімдікке әуес 289 азамат алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді. Бұл ақпаратты polisia.kz сайты таратты. «Құқықтық тәртіп» шарасы барысында ақмолалық поли­цейлер ішімдік ішкен адамдар­дың қылмыс жасауының алдын алуды көздеген. Сөйтіп, арақ-шарапқа үйір тұлғаларды есепке алуда. Ақмола облысы Полиция департаментінің арнайы есе­бінде 5 мыңнан астам маскүнем мен 478 ескірткіге тәуелді азамат тіркеліпті. Ал жыл басынан бері 700-ден астам қылмысты масай­ған адамдар жасаған. Олардың арасында ауыр және өте ауыр қылмыс жасағандар да бар. Со­дан болса керек, Ақмола об­лыстық соты алкогольге тәуелді болып қалған 351 адамды сот­таған, ал олардың 289-ы мәж­бүрлі түрде емдеуге жіберіліпті.