Елбасына алғыс білдірді
Елбасына алғыс білдірді
261
оқылды
Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы – Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровты қабылдады.   Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғыз елі бауырлас халықтарының тарихи жақындығын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық байла­ныс­­ты нығайта түсудің маңыз­дылы­ғына назар аударды. Осы орайда Елбасы Қырғызстан жастарының еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуы үшін грант бөлу мүм­кіндігі туралы айтты. Қырғыз Республикасы Минис­трлер кабинетінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қырғызстан халқына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ал­ғысын білдіріп, Қырғыз Респуб­ликасының Президенті Садыр Жапаровтың ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Ақылбек Жапаров Тұңғыш Президенттің басшылығымен тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қол жеткізген табыстарына ерекше тоқ­талып, Елбасының екі ел халық­тары арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.