Әлемге елін танытқан Елбасы
Әлемге елін танытқан Елбасы
637
оқылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуел­сіздік тағылымы» мақа­ласы шықты. Әлем таныған айтулы тұл­ға – Елбасы бұл мақаласында еліміздегі өтпелі кезеңдегі қиыншылықтар мен ел тари­хындағы түбегейлі өзгерістер жөнінде жазған. Қиын-қыстау кезеңде ел басқарып, бүгінгі өркенді дамытуға жеткізген, тәуелсіз ел мемле­кетті­лігінің негізін қалаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты бүгінде дүниежүзі мойындап отыр. Тарих ауқымында 30 жыл қас қағым сәт. Алайда елімізде қысқа мерзімде жүздеген жылдарға пара-пар қадам жасалды. Тәуелсіздіктің өткен осы жылдар белесінде мемлекетіміз талай қиындықтарды енсеріп, биік асуларды бағындырды. Егемендіктің елең-алаңының өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық қиындықтарды еңсере біл­ген қазақ елі керегесі кең, терезесі тең мәртебелі мем­лекеттер қатарына қосылды. Мемлекеттің тәуел­сіздігі бүкіл әлем қауымдастығы тарапынан толық мойындалды. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы арман аңсарына айналған ұлы мұраты ХХ ғасырдың сонында жүзеге асты. Елбасы. Ел тәуелсіздігі. Бір-біріне етене жақын, бір-бірін толықтыратын, өзара сабақтас сөздер. Себебі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазығын қағып, туын тіктеуде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі ерекше. 1991 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстан халқы өз таңдауын жасап, Н.Назарбаевқа елдің тәуелсіздігін аманат етіп, сенім артып, жауапкершілік жүгін арқалатты. Халқымыз өзінің Көшбасшысына елді адастырмай, тығырыққа тіремей, тура жолмен алып шығатынына кәміл сенді. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында еліміз ауыр жағдайды басынан кешті. Одақ іргесі сөгіліп тарар тұсында, тіпті егемендік алар кезінде де Тұңғыш Пре­зидент 1991 жылы батыл қадам жасағанын еске алады: «Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Алдын ала ойластырумен, зор ұйымдастырушылықпен, қапысыз дайындықпен жүзеге асты». Осылайша, ол «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңның қабылдану кезеңі 2 күнге созылып, дау-да­май­сыз қабылданбағанын еске алып отыр. Әри­не, еліміздің тәуелсіздігін көре алмаушылар да болған. Елбасы «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында «... адамды қандай қиындықтан да аман алып шыға­тын құдіретті еңбек екенін мен сәби кезімнен ақ сезіндім» – деген. Сондықтан да ел Президенті халық сенімін ақтап, барлық жинаған тәжірибесін, күш-жігерін халқының игілігі үшін жұмсады. Мемлекет басшысы экономикалық тығырыққа тірелген, саяси дағдарысқа ұшырау алдындағы Қазақстанды жаңа дәуірлік жарқын күндерге жетелеп алып шықты. Ел мен Елбасы бір ұғымға айналды. Жас мемлекетті ыдырау мен құлдыраудан аман сақтап қалған Н.Назарбаевтың өлшеусіз еңбегі зор. Кемеңгер Көшбасшы мемлекетімізді ауыр сынақтан сүріндірмей өткізіп, дамудың қазақстандық жолын салып берген адам. Біздер үшін тәуелсіздік – ең құнды қазына. Тәуелсіз ел екенімізге дәлел ретінде өзіміздің мемлекеттік рә­міздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран және Ұлттық теңгеміз бар. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Мұның барлығы Елбасымыз Н.Назарбаевтың басқаруымен іске асты. Әлемге елін танытқан, оза шауып, озып шыққан қазақ халқының бағына біткен жұлдызды тұлға, нағыз саясаткер Н.Назарбаевтың ерен еңбегі көптің көз алдында. Көшбасшымыз Н.Назарбаевтың жарыққа шыққан әр еңбегі бағалы. «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында өмір шындығынан алынған дерегін жылы қабылдадым.

Аманғали БЕРДАЛИН, Мәжіліс депутаты