30 жыл бұрын халық сайлаған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берді
30 жыл бұрын халық сайлаған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берді
466
оқылды

«Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі «Тарихта осы күні» айдарымен әлеуметтік желілерде халық сайлаған елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант берген тарихи дата – 1991 жылғы 10 желтоқсан күніне арналған бейнеролик жариялады.

Осыдан тура 30 жыл бұрын дәл осы күні Қазақ КСР-нің атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

«Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің мемлекеттік шекаралары нақты белгіленді. Қоғамда бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісі –  Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Қазақстан қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартты» делінген бейнероликте.

  https://youtu.be/MqbgaOyjhhM   Кедейлік деңгейі 10 есе, яғни 46,7-ден 4,6%-ке дейін қысқарды. $400 миллиард тікелей инвестиция тартылды. Бұл – Орталық Азия елдеріне келетін барлық инвестиция ағымының 75%-тен астамы.
«170 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 30 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылды. 1400 жаңа денсаулық сақтау нысаны, 1800-ден астам жаңа мектеп пен 900 балабақша ашылды», – деп атап өтті партияның баспасөз қызметі, Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып.
Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға негізгі бағдар болатын «Елдіктің 7 тұғыры» қағидаттарының жиынтығын ұсынған болатын.

Олар, «Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық», «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры», «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы», «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі», «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі», «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» және «Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» қағидаттары.