Келер жылы ең төменгі жалақы мөлшері көбейеді. Соған сәйкес, МӘМС-тің жарна мөлшерлемесі де 2 125 теңгеден 3 000 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ирина Подскочая мәлімдеді, – деп жазады inbusiness.kz.
Спикердің айтуынша, келесі жылы жұмыс берушілердің МӘМС-ке аударымдарының мөлшері 3%-ға дейін өседі. Алайда жарналар жалақының 2% мөлшерінде бұрынғысынша жалақыдан ұсталатын болады.
«2022 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көбеймек. Сондықтан МӘМС жарнасы да 2 125 теңгеден 3 000 теңгеге дейін өзгереді (1 ЕТЖ-дан 5%). Өзгерістер ЖК, АШ иелеріне және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты – 2 975 теңгеден 4 200 теңгеге дейін (1,4 ЕТЖ-дан 5%)», – деді ол.