Елордалық алғашқы екі көппәтерлі тұрғын үй кешені газға қосылды. Олардың бірі – "Көктал-1", екіншісі "Промышленный" тұрғын алабында орналасқан. Бұл жайында Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
"Бұл үйдің жылуы табиғи газға қосылған. Осының арқасында біз газ жеткізу мәселесін шештік, бізде жоспардан кешігу сынды проблемалар жоқ, алдағы уақытта да солай болады деп үміттенеміз. Кезінде біздің үйді табиғи газға қосуға бастамашы болған қаламыздың әкімдігіне үлкен рахмет. Бүгінгі таңда бұл біз үшін өте үлкен жеңілдік", - деп түсіндірді О.Реснова.
Тұрғын үй кешендерінің тұрғындары газға көшудің артықшылықтарын бағалады. Майра Нұралиева МТК-да шамамен алты ай тұрады. Оның айтуынша, үй өте жылы, барлық жылу жүйесі заманауи стандарттарға сай жабдықталған және тұрғындарға аязды қыста алаңдауға негіз жоқ.
"Үй өте жылы. Бізге газ жүргізіп бергені жақсы болды. Енді үйіміз құрғақ әрі жылы", - деп бөлісті көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тағы бір тұрғыны Ахат Толымхан.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Алматы мен Сарыарқа аудандары газдандырылды. Газ тарату желілері 9 тұрғын алаптарында жүргізілді: "Көктал-1", "Көктал-2", "Железнодорожный", "Промышленный", "Агроқалашық", "Оңтүстік-Шығыс", "Интернациональный", "Мичурино", "Күйгенжар". "Қазақауыл", "Ақбидай" шағын аудандарында, сондай-ақ қаланың Потанин көшесіндегі ескі бөлігінде газ іске қосу үшін іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғасуда.
[embed]https://youtu.be/xJH3DcNZIwc[/embed]