9 желтоқсанда «Сбербанк» АҚ ЕБ мен «AIFC Green Finance Centre Ltd» (AIFC GFC) ЖК өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды, оның аясында экологиялық және әлеуметтік бағыттағы жобаларды іске асыру саласында ынтымақтастық нығайтылады.
Құжатқа «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев және «AIFC Green Finance Centre Ltd» ЖК бас директоры Айдар Қазыбаев қол қойды.
Өзара әрекет ету бойынша мынадай бағыттар келісілді:- экологиялық және әлеуметтік бастамаларға бағытталған іс-шараларды бірлесіп өткізу;- экологиялық және әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаларды жасыл және әлеуметтік облигациялар, жасыл несиелер сияқты тұрақты даму құралдары арқылы қаржыландыру;- жасыл және/немесе әлеуметтік облигацияларды шығару арқылы қарыздық қаржыландыруды тарту;- экологиялық және әлеуметтік стартап-жобаларды дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру.
AIFC GFC Қазақстанның жасыл қаржы жүйесін қалыптастыру үшін нормативтік базаны құру және заңнамалық стандарттарды енгізу, АХҚО Биржасының платформасында жасыл облигациялардың эмитенттеріне консультативтік қолдау көрсету, жасыл қаржыландыру саласында зерттеулер жүргізу, тренингтер мен жаңа платформа – Жасыл өсу форумы (Green Growth Forum) арқылы қоғамның хабардар болып отыруын және іскерлік ортаның әлеуетін арттыру арқылы Қазақстан мен аймақтардағы жасыл қаржыландыру және жасыл облигациялар нарығын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.
«Жалпы алғанда, жасыл экономиканың дамуындағы өзгерістерді көріп жүрміз, Сбер тобы да ESG бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Біздің ойымызша, Қазақстанда тұрақты даму негіздерін сәтті ендіріп келе жатқан қаржы ұйымдарының ішінде Сбер көш бастап тұр. Біз өз тарапымыздан АХҚО жанындағы Жасыл қаржы орталығы серіктестік шекараларын кеңейту мақсатында Сбермен бірге жобалар мен бастамаларды бірлесіп іске асыруға үлкен қызығушылық танытып отырмыз. Бірлесіп атқарылатын жұмыс барысында біз үздік әлемдік кейстер дағдыларымен және ESG-дегі тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», – деді Айдар Қазыбаев.
«Сбер ESG мәселесіне жүйелі түрде қарайды. Банк өзінің Тұрақты даму саясатының аясында бүгінде шамамен 30 ірі бастаманы іске асыруда. ESG-қаржыландыруды, жасыл және әлеуметтік облигациялар нарығын дамыту жобаларының болашағы бар деп ойлаймыз, біз бұл істі толық қолдаймыз және оны АХҚО-мен бірге дамытамыз», – деп қорытындылады Елдар Теңізбаев.
Бүгіннің өзінде Банк ESG-жобалары бойынша несие алатын клиенттер үшін жеке шарттар мен жеңілдіктер ұсынып отыр. Сбер күн және жел электр станциялары, электр автобусы паркінің құрылысы сияқты «жасыл жобаларды» қаржыландырды. Сондай-ақ білім беру және медицина деңгейін арттыруға бағытталған жобаларға, яғни, 2021 жылы Банк елордадағы Binom мектептер желісінің және еліміздің аймақтарындағы бірқатар білім беру және емдеу мекемелерінің құрылысы бойынша ірі жобаларға қаражат бөлді.